Астанада пәтер ұрылары қамауға алынды

377

Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз тұлғалар оның әшекей бұйымдары мен екі тонын жасырын ұрлап, 200 мың теңгедей материалдық шығын келтірген.  

Астанада пәтер ұрылары қамауға алынды Фото: SECURITY STUDIES

17 шілдеде Байқоңыр ауданы ПБ-ға арызданған қала тұрғыны Жетісай көшесінің бойында орналасқан тұрғын үйіне заңсыз кірген белгісіз тұлғаларға шара қолдануды сұрады.

Аталған қылмыстық әрекет бойынша жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде бұрын сотталмаған А. және Ж. есімді Астана қаласының тумалары анықталды. Тергеу барысында олар көше аралап, оңай жолмен ақша табуды көздегені белгілі болды.

Жетісай көшесіндегі терезелері ашық тұрған үйді байқаған қос қаскүнем қылмыстық ниетпен ол үйге заңсыз кіріп, әйел адамның екі тонын, блендер мен ыдыс-аяқтар, сондай бағалы сырғаларды қолды еткен. Ұсталған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу