Астанада жалдамалы пәтер бағасы қымбаттады. Осыған байланысты “Витрина недвижимости” агенттігінің басшысы Ерғазы Мұсатаев пікір білдірді, деп хабарлайды naryk.kz.
- Жаз мезгілдерінде Астанада жалдамалы пәтер бағасының қымбаттауы орынды. Әдетте жаз басталғанда баға 20 пайызға дейін қымбаттайды, - дейді сарапшы.
Алайда, оның айтуынша, Астананың кей аудандарында өткен жылдармен салыстырғанда 50-60 пайызға жоғары. Бұл әсіресе ЭКСПО қалашағына жақын жерлерде байқалады.
Агенттік басшысы айына 150 мың теңге шамасында тұратын екі бөлмелі үйлердің айлық жалдау бағасы қазір 300-340 мың теңгеге дейін шарықтап кеткенін жеткізді.
Үй бағасы қымбаттағанмен, сарапшы әлі де болса, үйлердің тапшылығы байқалмайтынын айтады. Ең көп сұранысқа ие үйлер екі және үш бөлмелі пәтерлер екен.