Елорданың жалдамалы пәтер нарығында жалдау құнының төмендегені байқалады. Бұл туралы kn.kz хабарлады. Әсіресе, 2-3 және одан көп бөлмелі пәтерлердің жалдау ақысы арзандап отыр.
Астананың жалдамалы пәтер нарығына қазанның 10-ы мен 16-сы аралығына жүргізілген мониторингке зер салсақ, жалдамалы пәтердің әр шаршы метрінің орташа бағасы 2452 теңгені құрады. Пәтер жалдау орташа алғанда айына 246 мың теңге болады. Бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда 19,84%-ға төмен.
Жалпы қала бойынша "қымбат" баспана жалдау ақысы айына 434 000 деңгейінде қалыптасса, ал "арзаны" 139 000 теңге болып отыр. Елордада пәтерді бір тәулікке жалдау құны орташа алғанда 8390 теңгені құрайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу