Астанада пәтерден 2 мыңнан астам есірткі түйіншегі табылды

337

Күдікті есірткіні таратып қана қоймай, өзі де қолданған.  

Астанада пәтерден 2 мыңнан астам есірткі түйіншегі табылды Фото: ЖИ

Астанада полицейлер есірткі заттарын сақтап, таратты деген күдікпен 33 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның пәтерінен жалпы салмағы 2 келіден асатын есірткі тәркіленді.

Жеке тінту кезінде күдіктінің бел сөмкесінен марихуана салынған түйіншектер табылған. Ал пәтерін тінту барысында әртүрлі жерден түрлі түсті изолентамен оралған, ішінде ұқсас зат бар 2 мыңнан астам түйіншек анықталды.

Сонымен қатар сұйық зат құйылған түтікшелер тәркіленді. Сараптама нәтижесінде оның гашиш майы екені анықталды.

Полицейлердің мәліметінше, ер адам мессенджерлер арқылы тыйым салынған заттарды сататын интернет-дүкенге "қойма" қызметін атқарған. Медициналық куәландыру кезінде оның есірткі қолданғаны да анықталды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар өзге де тұлғалар анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу