Астанада пәтерді жалға беремін деп ақша жымқырған алаяқ ұсталды

478

Күдікті – 20 жастағы Павлодар тұрғыны.

Астанада пәтерді жалға беремін деп ақша жымқырған алаяқ ұсталды

Астана полицейлері жылжымайтын мүлікті жалға беру жолымен алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодардың 20 жастағы тұрғыны жылжымайтын мүлікті жалға беру туралы жалған хабарландырулар орналастырған. Жарнамаларда ол төмен бағаны белгілеп, тартымды интерьер фотосуреттерін көрсеткен.

Полицияға Қызылорда тұрғыны жүгініп, пәтерді жалға алу үшін алаяққа 100 мың теңге аударғанын хабарлады. Дәл осы типтес шағымды тағы 11 адам жазған.

Аталған бойынша ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

"Осы типтес әрекеттерден зардап шеккен азаматтарды Астана қаласы полиция департаментінің Байқоңыр аудандық полиция басқармасына Иманбаев көшесі, 16а мекенжайы бойынша хабарласуларыңызды немесе 8 (7172) 71 61 61 не 102 телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу