Астанада Перизат Қайрат пен анасына қатысты сот басталды

347

Қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы бүгін, 9 шілде күні өтті.  

Астанада Перизат Қайрат пен анасына қатысты сот басталды Фото: instagram/01pk

Астана сотында Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаева сот процесінің ашық өтуіне қарсы болды. Сондай-ақ өздерін фото, видеоға түсіруге де келісім бермейтіндерін айтты. Бұл туралы 24.KZ хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қылмыстық іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралып жатыр.

Cот отырысын жабық өткізу – бұл ең алдымен айыпталушының талабы. Перизат Қайраттың қорғаушысы қылмыстық істе банк деректері, жеке мәліметтер сияқты құпия сақталуы тиіс ақпараттың болуына байланысты отырысты жабық өткізу туралы өтінішін жеткізді.

Алдын ала тыңдауды жүргізген судья Сабыржан Кәрімов барлық тараптың пікірін ескере келе бұл ұсынысты қарастыратынын айтты.

Айта кетейік, Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының залына Перизат Қайраттың өзі және Анасы Ғайни Алашбаева келді. Отырысқа қорғаушылар және іске қатысы бар өзге де тараптар қатысып жатыр. Бірнеше куәгер онлайн режимде қосылды. Перизат Қайрат сот залында өзін және анасын фото, бейне таспаға түсіруге қарсы екенін жеткізді.

2024 жылдың 14 қарашасында "BizBirgemiz Qazaqstan" қайырымдылық қорының жетекшісі Перизат Қайрат ұсталған болатын.

Биыл 14 наурызда Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваның әрекеттері сарапталып, олар аса ірі көлемдегі алаяқтық жасау және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру бойынша күдікті деп танылған.

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, Перизат Қайрат 2021-2024 жылдар аралығында көп рет қайырымдылық көмек көрсету мақсатында халықты ақша жинауға шақырған. Бұл қаражат мұқтаж балаларға, Палестина халқына және еліміздегі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жұмсалмақ болған.

Жалпы ұрланған қаржы көлемі 3,5 млрд теңгеге жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу