Жаңа жыл мерекелері қарсаңында Астанада "Пиротехника-2022" жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Іс-шара 3 қаңтарға дейін жалғасады, деп жазады inbusiness.kz.
Полиция басқармасына қаладағы мектеп-гимназиялардың бірінде оқитын 5-сынып оқушысының отшашуды жарып жібергені туралы хабарлама келіп түскен. Оқушының өнімді тұрғын үй кешенінің жертөлесінде орналасқан бутиктен сатып алғаны белгілі болды.
Аталған сауда орнын тексеру барысында заңсыз сатылған "Корсар" отшашуларының 10 қорабы табылған.
Бұдан бөлек сауда үйінің қасында пиротехникалық тауарларды заңсыз сатумен айналысқан 28 жастағы қала тұрғыны анықталды. Құқық бұзушыдан 57 дана пиротехникалық бұйым тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 196-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.