Астанада пластикалық ота жасатқан бойжеткен 6 айдан бері комада жатыр

111

Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы ауыр.

Астанада пластикалық ота жасатқан бойжеткен 6 айдан бері комада жатыр Фото: mamadeti.ru

Астанадағы жеке клиникалардың бірінде косметикалық операциядан кейін бойжеткен комаға түсті. Ол комада алты айдан бері жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің хабарлауынша, пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген-келтірілмегенін анықтау үшін тәуелсіз сараптама комиссиясы тағайындалған.

"2025 жылдың маусым айында “AESTHETIC LIFE” ЖШС клиникасына тәуелсіз сараптама комиссиясын өткізу туралы хат жолданды. Сараптама қорытындысы бойынша өтініш беруші мен департаментке ресми қорытынды ұсынылады. Клиника комиссия өткізілетінін растады. Нәтижелері бойынша жауап өтініш берушіге және департаментке жолданады", – деп хабарлады ведомство.

Комитеттің мәліметінше, егер туыстары сараптама нәтижесімен келіспесе, олар Астана қаласы бойынша комитет департаментіне жүгінуге құқылы. Мұндай жағдайда "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекстің 30-бабына сәйкес клиниканың қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізілуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу