Астанадағы Лесозавод ауданында автобус пен пойыз соқтығысты. Одан кейін автобус көлікке соғылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"2026 жылдың 20 маусымында "Ивеко" бағыттық автобусының жүргізушісі Тайбурыл көшесінің бойындағы теміржол өткелінен өтіп бара жатып, қозғалыстағы локомотивке жол бермеген. Соққы салдарынан "Ивеко" бағыттық автобусы инерциямен "Хюндай" автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде зардап шеккендер жоқ. Аталған факті бойынша автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу