Интернет-сатылым "Авибус" ақпараттық жүйесін енгізу аясында іске асырылуда, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.
"Тағы бір жаңашылдық – электронды терминалдар. Әзірге олар автовокзал ғимаратында пайда болды, ал екінші жарты жылдықта елорданың сауда үйлері мен темір жол вокзалдарында орнату жоспарлануда. Жаңа қызмет жақында ғана жүзеге асырылды, бірақ ол – жолаушылар үшін жылдам әрі ыңғайлы", – деді "Сапаржай-Астана" ЖШС директорының орынбасары Жарқын Бекжанов.
Күн сайын автовокзалда 3 мың билет сатылады, оның 150-і онлайн-режимде сатылып алынады. Астана автовокзалы халықаралық, облысаралық, облыстар ішіндегі маршруттарға қызмет көрсетеді. Автовокзал күнде 158 рейс жөнелтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу