Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкері Еламан Тішпаев үйіне келген кезде, көпқабатты үйдің маңына адамдар жиналғанын көреді. Куәгерлер оған жоғарғы қабаттағы балконда қыздың отырғанын айтқан.
Полицей бірден 12-қабатқа көтеріліп, қолайлы сәтте оны ұстап, балконның шетінен қауіпсіз жерге алып шыққан.
Еламан Тішпаев жедел қызметтер келгенше қыздың қасында болып, кейін оны медицина қызметкерлеріне тапсырған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу