Астанада полицей бастығын ұрғаны үшін сотталды

109

Аудандық деңгейдегі полиция өзіне тікелей жетекшілік ететін бастығын телефон қоңырауына жауап бермегені үшін ұрған.  

Астанада полицей бастығын ұрғаны үшін сотталды Фото: Әсет Құндақбаев

Жақында Астанада 32 жастағы Әли Абетаевқа қатысты сот үкімі жарияланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ол бұрын қарапайым учаскелік инспектор болып қызмет етіп, кейіннен Есіл ауданы Полиция басқармасындағы жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығының орынбасары қызметіне тағайындалған.

Былтыр маусым айында Абетаев полиция бөлімінде кезекші болып қызметке кіріскен. Дәл сол күні оның бастығы Сәкен Ноғаев учаскелік инспекторлармен бірге мейрамханаларды тексеру рейдіне шыққан.

Тергеу барысында оқиғаға қатысы бар барлық адамдардан жауап алынған. Олардың ішінде Айдос Момбиев те болған. Ол ешқандай заңсыз бұйрық бермегенін, мейрамханаларды "қорғамайтынын", ал Ноғаевты тек ортақ чатқа есеп жібермегені үшін іздегенін айтқан. Яғни жай ғана алаңдағанын жеткізген.

Ақырында өз әріптесіне қол көтерген Әли Абетаевқа бастапқыда қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған. Алайда сот барысында прокуратура істің саралануын өзгертіп, оны денсаулыққа жеңіл зиян келтіру бабы бойынша қарауды ұсынған.

Сот бұрынғы капитанға 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Cонымен қатар:

  • 100 сағат қоғамдық жұмыс;
  • Капитан шенінен айыру;
  • Жәбірленушіге 3 млн теңге төлеу.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу