Астанада полицей қыз зорлады деген күдікке ілінді

209

Күдікті қамауға алынды.

 Астанада полицей қыз зорлады деген күдікке ілінді

Әлеуметтік желіде Бурабай аудандық полиция бөлімінің оперативтік қызметкері 21 жастағы қызды пәтерінде зорлады деген ақпарат тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, полиция формасын киген ер адам қыздың пәтерінің есігін қағып, өзін тәртіп сақшысымын деп таныстырған. Ол қызға жеке куәлігін көрсетіп, оған бірнеше сұрақ қойып, кетіп қалған. Біраз уақыттан соң қайтып келіп, телефонын әріптесі алып кеткенін айтқан. Сөйтіп жәбірленушінің телефонын сұраған. Сол кезде ол қызға тап беріп, өз пәтерінде зорлаған.

Аталған іске қатысты Астана қаласының полиция департаменті пікір білдірді. 

“Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті – бұрынғы полиция қызметкері. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдікті теріс себептермен ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды”, – деді полиция.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу