Астанада полицейлер 24-қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарды

589

Елорда полицейлері 24-қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.  

Астанада полицейлер 24-қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарды Фото: polisia.kz

Полицияның "102" арнасына түн ортасында Сарайшық көшесінде көпқабатты үйдің балкон қоршауында ер адам отырғаны және секіруге тырысып жатқаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері Ержан Айса мен Нұрсұлтан Егембайдан тұратын Астана қаласы ПД патрульдік полиция полкінің жасағы дереу жіберілді.

Оқиға орнына келген полицейлер балкон қоршауынан еңкейіп, төменге секірейін деп отырған адамды көрген. Жағдайды бақылап, уақытты жоғалтпай, тәртіп сақшылары тез арада жоғары көтерілді. Оларды байқаған ер адам өзіне жақындамауды ескертіп, айқайлай бастаған.

Полицейлер ер адаммен диалог құруға тырысты және оның алданып тұрған сәтін пайдаланып, оған тез жүгіріп барып, ұстап үлгерді.

Содан кейін олар ер адамды қауіпсіз жерге апарып, стресстік жағдайды шешуге көмектесіп, тыныштандырған. Секірмек болған ер адам Есіл ауданының Полиция басқармасына жеткізілді. 28 жастағы азаматтың мұндай іс-әрекетке не итермелегені анықталып жатыр. Психологтармен бірлесіп онымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу