Астанада журналист пен полицей қарияны алаяқтардан құтқарды

173

Белгісіз біреулер қарияға 2,5 млн теңге несие алдыртпақ болған.  

Астанада журналист пен полицей қарияны алаяқтардан құтқарды Фото: altainews.kz

Әңгімені сырттай бақылап, тыңдаған астаналық журналист Тоқтарәлі Таңжарық ойланбастан полицияға хабарласады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкері Ұлықбек Жұмағұлов телефонның ар жағындағы алаяқтармен сөйлесіп, олардың әрекетін тоқтатты. Көшеде жүрген ер адам қарияның телефон арқылы белгісіз біреулерге ақша жібермек болғанын байқап қалған. Күмәнді әңгімеге күдіктенген соң полицияға хабар бергенін айтады. 

Осылайша, қала тұрғынының қырағылығы мен полицияның жедел әрекетінің арқасында телефон алаяқтарына тосқауыл қойылып, қарияға көмек көрсетілді.

Жағдайды толық анықтау үшін қария полиция бөліміне жеткізілді. Ал оқиғаға бейжай қарамаған қала тұрғынына тәртіп сақшылары қырағылығы үшін алғыс білдірді.

"Сақшылар мұндай жағдайда әңгімені дереу тоқтатып, полицияға хабарласу қажеттігін еске салды. Қырағылық пен уақытылы әрекет ету – алаяқтардан қорғанудың басты жолы", – делінген полиция хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу