Астанада полицейлер такси жүргізушілерін тексеріп жатыр

406

5 ақпаннан бері полицейлер жолаушыларды заңсыз тасымалдаған 9 такси жүргізушісін анықтады. 

Астанада полицейлер такси жүргізушілерін тексеріп жатыр Фото: Pixabay.com

Астанада 29 ақпанға дейін "Қауіпсіз жол" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдын алу шарасы аясында полицейлер жол қозғалысы ережелерінің, соның ішінде таксиде жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелерінің сақталуын қадағалайды. Бұл жайында елордалық полиция департаменті мәлемдеді.

5 ақпаннан бері полицейлер жолаушыларды заңсыз тасымалдаған 9 такси жүргізушісін анықтады. Мемлекеттік нөмірі жоқ көлік мінген 46 жүргізуші ұсталды. Тағы 380 жүргізуші міндетті техникалық байқаудан өтпеген, 500-ден астамы жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын сақтамаған.

Атап айтқанда, патрульдік полиция қызметкерлері тиісті тіркеу құжаттарынсыз қосымша арқылы такси қызметін атқарған Өзбекстанның 35 жастағы азаматтын анықтаған. Тәртіп бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, көлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу