Астанада Жаңа жыл мерекесіне байланысты полицейлер азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген қызмет режиміне көшірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Осыған орай, ҚР ІІМ Ұлттық ұлан №5573 әскери бөлімінің аумағында жалпы гарнизондық полиция жеке құрамын бөлу жұмыстары жүргізілді. Тәртіп сақшыларының жүктелген міндеттерді орындауға дайындығын Астана қалалық полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев тексерді", – деп жазылған хабарламада.
Мереке күндері қылмыстың алдын алу және жолын кесу мақсатында адам көп жиналатын орындарда қауіпсіздік шаралары күшейтіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу