Астанада полициядан қашқан жасөспірім скутермен ұсталды

271

Нөмірі жоқ скутер айыптұраққа қойылды.

Астанада полициядан қашқан жасөспірім скутермен ұсталды Фото: currenttime.tv

Астанада жол қозғалысы ережелерін бұзған кәмелетке толмаған скутер жүргізушісі полицияның тоқтау туралы талабына бағынбай, қашуға әрекеттенген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол кейін Сарыарқа даңғылы мен Абай көшесінің қиылысында ұсталды.

Оқиға Кенесары көшесіндегі филармония ғимаратының кіреберісі маңындағы скверде болған. Полиция қызметкерлері мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ скутерді байқаған. Алайда жүргізуші тоқтау туралы талапты елемей, қозғалысын жалғастырған.

Жасөспірім Кенесары көшесімен жүріп, Сарыарқа даңғылына бұрылған. Кейін полиция қызметкерлері оны мәжбүрлі түрде тоқтатып, ұстады.

Осы жағдайға байланысты кәмелетке толмаған баланың заңды өкіліне көлік құралын басқару құқығы жоқ адамға бергені үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 612-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жасөспіріммен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Скутер коммуналдық мамандандырылған айыптұраққа қойылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу