Астанада полицияға 30 мыңнан астам өтініш омниканалды жүйе арқылы түскен

330

Жүйе арқылы 312 бейнеқоңырау мен 30 330 SMS хабарлама қабылданған.  

Астанада полицияға 30 мыңнан астам өтініш омниканалды жүйе арқылы түскен Фото: gov.kz

Астана полициясы тұрғындардың өтініштерін қабылдаудың омниканалды жүйесін енгізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңа жүйе азаматтармен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беріп отыр.

Жыл басынан бері жүйе арқылы 30 мыңнан астам өтініш қабылданған. Оның ішінде 312-ден астам бейнеқоңырау және шамамен 30 330 SMS хабарлама бар.

Жүйе арқылы полицияға жол қозғалысы ережесін бұзу туралы да хабарламалар түседі. Мәселен, елорда тұрғыны рұқсат етілмеген жерге қойылған "Hyundai" көлігі туралы хабарлаған.

Полиция қызметкерлері ақпаратты тексеріп, көлікті дұрыс қоймаған 45 жастағы жүргізушіні анықтады. Оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 597-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Полиция департаментінің мәліметінше, омниканалды жүйе тұрғындардың өтініштеріне жедел жауап беруге және халықпен байланысты жақсартуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу