Астанада Президенттің шырша мерекесі өтті

277

Оған 200 бала шақырылды.  

Астанада Президенттің шырша мерекесі өтті Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында балалар үшін Президенттің шырша мерекесі өткенін мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Мереке күндері балаларға арнап жаңа жылдық шыршалар өткіземіз. Мемлекет басшысының атынан шырша мерекесіне 200 бала шақырылды. Олар – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан, ерекше қажеттіліктері бар, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістікке жеткен дарынды балалар. Балалар үшін түрлі-түске боялған шоу-қойылым ұйымдастырылды. Жаңа жылдық сыйлық ретінде киім, жұмсақ ойыншықтар, спорттық рюкзактар және т.б. сатып алуға болатын сертификаттар табысталды. Балаларға арналған шырша мерекесін аудан әкімдіктері де ұйымдастырады. Әрбір отбасыға, әр балаға зор денсаулық, бақыт, табыс және армандарының орындалуын тілеймін! Біз өз тарапымыздан балаларымыз бен ата-аналарымыздың жағдайын жасауды жалғастыра береміз!" – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу