Астанада прокуратура қызметкері жоғалған баланы тапты

544

Ол үйінен кітап дүкеніне шығып, қайтып оралмаған.

Астанада прокуратура қызметкері жоғалған баланы тапты Фото: inbusiness.kz

Құқық қорғау органдары академиясының магистранты Жан Мұрат волонтерлердің үндеуіне құлақ асып, 2023 жылдың сәуір айының басында үйінен кітап дүкеніне кетіп,қайта оралмаған баланы іздеуге белсене қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

"LIDER.KZ" еріктілері екі күн бойы кәмелетке толмаған баланы іздеген.

Елорданың Алматы және Байқоңыр аудандарының қоғамдық пайдалану орындарын (қоғамдық тамақтандыру, компьютерлік клубтар, мешіттер және т.б.), қараусыз қалған ғимараттарды, қоқыс жәшіктерін, арықтарды аралап, екі сағат бойы сәтсіз іздеуден кейін Мұрат Ж. қаланың сол жағалауына барып, іздеуді жалғастырған.

Достық көшесімен түнгі сағат 04:40 шамасында жүріп, ол сипаттамаға сәйкес келетін балаға назар аударады.

Барлық жағдайларды нақтылағаннан кейін, бұл жоғалған бала екені белгілі болды.

Әрі қарай Мұрат Ж. баланы полиция қызметкерлеріне тапсырған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу