Астанада прокурорлар 3 мыңға жуық тұрғынның құқығын қалпына келтірді

373

Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Астанада прокурорлар 3 мыңға жуық тұрғынның құқығын қалпына келтірді Фото: yujanka.kz

Сарыарқа ауданының прокуратурасы қалалық жолаушылар көлігі бағыттарында жол жүру ақысын төлеуден босату түріндегі азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету тәртібінің сақталуына талдау жүргізді. Биыл әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға елорданың автобустарында тегін жүруге электронды жеке карточкалар берілмегені анықталды, деп жазады inbusiness.kz.

Оған уәкілетті орган электрондық карталарды сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсын қайта өткізбегені себеп болған.

“Прокурорлық қадағалау актісі негізінде 2 900 астам астаналықтың құқықтары қалпына келтірілді. Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың барлық санаттарына қоғамдық көлікте жеңілдетілген жол жүру құқығымен дербестендірілген карточкалар беріліп, кінәлі тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды”, - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу