Қатарлық ірі инвестор Астанада құрылыс бастау үшін жер мәселесін 2 жыл бойы шеше алмаған

430

Инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 90 млрд теңгені құрайды.

Қатарлық ірі инвестор Астанада құрылыс бастау үшін жер мәселесін 2 жыл бойы шеше алмаған Фото: gov.kz

Елордалық прокурорлар шетелдік инвесторға көмектесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Synosure компаниясы Қатардың инвесторы "Еlegancia Healthcare W.L.L." бірлесіп елорда аумағында инвестициялық жоба – медициналық хаб құрылысын іске асыруды жоспарлап отыр.

Бұл жобаға салынатын инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 90 млрд теңгені құрайды, оны іске асыру 350-ден астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Алайда, үшінші тұлғалар арасындағы сот дауларына байланысты инвестор 2 жыл бойы жер учаскесінің нақты жоспарын өзгерту мәселесін шеше алмаған.

Прокуратура органдарының көмегімен осы мәселе шешіліп, жобаны іске асыру жалғастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу