Астанада психикалық ауытқуы бар қостанайлық әйел тегін жұмыс істеуге мәжбүр болған

434

2021 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың сәуіріне дейін сотталушылар психикалық ауытқуы бар әйелдің материалдық және басқа тәуелділігін пайдаланып, оны жеке интернатқа заңсыз көшіріп, тегін жұмыс күші ретінде пайдаланған.

Астанада психикалық ауытқуы бар қостанайлық әйел тегін жұмыс істеуге мәжбүр болған Фото: google.com

Қостанайда Қостанай облысы әкімдігінің "жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ бөлім басшысына, "Пешков арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ директоры мен жеке пансионат директорына қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Сотталушылар Ж., А. және Б. психикалық ауытқуы бар жәбірленуші М.-ның материалдық және өзге де тәуелділігін пайдаланып, Қостанай облысы Федоров ауданы Пешковка ауылындағы "Пешков арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ-нен Астанаға заңсыз алып барып тегін жұмыс күші ретінде пайдаланған", деп хабарлады Қостанай сотының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, сотта Қостанай облысы әкімдігінің "жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ бөлім басшысы өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып "Лисаков арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ директорынан ересектерге арналған 60 памперсті заңсыз талап етіп, өтеусіз алғанын жалпы сомасы 36 240 шығын келтіргенін атап өтілді.

Прокурорлар 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушылар кінәні толық мойындамады.

"Сотталушылардың жеке басын, істің мән-жайын, жасалған қылмыстың ауырлығын ескере отырып, сот ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігі негізінде сотталушыларға бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза тағайындады. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ бөлімінің басшысы - сегіз жыл мерзімге, "Пешков арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ директоры алты жыл жеті айға, "Қамқорлық" жеке пансионатының басшысына алты жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деп хабарлады Қостанай сотының баспасөз қызметі.

Сот Қостанай облысы әкімдігінің "үйлестіру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ лауазымды тұлғаларына қатысты шаралар қабылдау үшін "ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РММ-не жеке қаулы шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу