Астанада Путин мен Әлиев кездесті

156

Келіссөздердің негізгі тақырыбы "Солтүстік — Оңтүстік" көлік дәлізі жобасын дамыту болды. 

Астанада Путин мен Әлиев кездесті Фото: azertag

Ресей президенті Владимир Путин Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиевпен Астанадағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қатысушы мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысында кездесті, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

"Мен біздің инфрақұрылымдық жоспарларымызды атап өткім келеді, әрине, мұнда әйгілі Солтүстік — Оңтүстік трассасы бірінші орынға шығады. Осы төңірегінде келісімге келерміз деген үміттемін", – деді Ресей басшысы.

Ильхам Әлиев те әріптесі сынды дәлізді кеңейту керек екенін алға тартты.

"Әзербайжан өз аумағындағы дәліздің инфрақұрылымын кеңейтуге бел буды. Дәліздің істеп тұрғаны рас, бірақ оның қуаттылығы біздің серіктестеріміз бен көршілеріміздің осы жобаны барынша пайдалану ниетіне жауап бермейді", — деді ол.

"Солтүстік—Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізі – Санкт-Петербургтен Мумбай портына (Үндістан) дейінгі мультимодальды маршрут. Оның ұзындығы 7,2 мың шақырымды құрайды.

Дәлізде үш бағыт бар — Транскаспий (теміржолдар мен порттарды қолдана отырып), сонымен қатар батыс және шығыс құрлықтары.

Ресей мен Иран 2023 жылдың мамырында "Солтүстік — Оңтүстік" батыс бағытындағы теміржолдың соңғы қажетті бөлігін, Ирандағы Рештадан Астараға дейін, құны 1,6 миллиард еуроны құрайтын құжаттарға қол қойды. Осы қаражаттың 1,3 миллиард еуросы – Ресей Федерациясының несиесі, қалғаны – Иран тарапының қаражаты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу