Желіде Астанада ер адамның пышақ ұстап, балалар алаңында жүгіріп жүргені бейнеленген видео тарады. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бейнежазба Telegram-арналардың бірінде пайда болды. Оқиғаның Петров көшесінде болғаны айтылған. Видеоға іш киіммен жүрген ер адамның қатты айқайлап, дөрекі сөздер айтқаны түсіп қалған. Ол қолына пышақ ұстап балалар алаңының аумағында жүрген.
Полицияның хабарлауынша, 39 жастағы күдікті ұсталды. Ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған қатысты 20 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу