Астанада пышақ ұстаған ер адам тұрғындарды шошытты

83

Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Астанада пышақ ұстаған ер адам тұрғындарды шошытты Фото: pixabay

Астанада қолына пышақ ұстап, жартылай жалаңаш күйде жүгіріп жүрген ер адам тұрғындардың зәресін алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айналасына қауіп төндірген ер адамның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Оқиға Достық пен Республика даңғылдарының қиылысында болған.

Қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Құқық бұзушы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Оған қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік материал толтырылды. Іс материалдары сотқа жолданды", – деді Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу