Астанада пышақталып, жарақат алған мектеп директоры ауруханада жатыр

582

Қазіргі таңда әйел адамның жағдайы қанағаттарлық. 

Астанада пышақталып, жарақат алған мектеп директоры ауруханада жатыр Фото: google.com

Елордада пышақталып, жарақат алған мектеп директоры ауруханаға түсті, деп жазады inbusiness.kz.

Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, бұл фактіге байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

"26 ақпан күні Астана қаласы Полиция департаментінің "102" арнасына тұрғын үйдің пәтерінен ер адамның мәйіті табылғаны, пышақ жарақатын алған  әйелдің ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті. Аталған фактіге байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, қажетті сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де мәліметтері жария етілмейді", - делінген қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Бүгінде дәрігерлер әйел адамның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отыр.

"26 ақпан күні жедел жәрдем бригадасы науқасты "№ 2 қалалық көпсалалы аураханаға" жеткізді. Жағдайдың ауырлығын ескере отырып, ол шұғыл түрде хирургиялық емдеу үшін кеуде хирургиясы бөліміне жатқызылды. Сол күні оған ота жасалды. Бүгінде науқастың жағдайы қанағаттанарлық, операциядан кейінгі кезеңге сай келеді. Диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес емді толық көлемде алып жатыр", - деп хабарлады Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ақпараттардың анық-қанығына көз жеткізу үшін елорда білім басқармасының баспасөз қызметіне де жүгіндік.

"Иә, Астана мектептерінің бірінің басшысы екенін растаймыз. 20 ақпаннан бастап еңбек демалысында екенін хабарлаймыз", - делінген білім басқармасының ресми хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу