Астанада Рақымжан Қошқарбаевқа ескерткіш қойылды

1820

Астанада Рақымжан Қошқарбаевқа ескерткіш қойылды

Бүгін Астана қаласында Рақымжан Қошқарбаевқа арналған ескерткіштің ашылу салтанаты өтті.

Биіктігі 11 метр монумент Бауыржан Момышұлы мен Рақымжан Қошқарбаев даңғылдарының қиылысында орналасқан. Ескерткіш авторы – Асқар Нартов. Жоба бойынша, мүсіндік композицияның биіктігі 6 метр, ал гранит тұғырдың биіктігі 4,5 метр.

Салтанатты шара барысында Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қала тұрғындарын ескерткіштің ашылуымен құттықтады.

"Бүгін қазақ жауынгері Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігін мәңгілік ету үшін осы монументті ашып отырмыз. Оның есімі өскелең ұрпақтың жадында ерліктің символы ретінде сақталуы керек. Сол себепті Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында елордада аты аңызға айналған жауынгерге арнап ескерткіш орнатылды", – деді Ермек Аманшаев.

Салтанатты шараға Рақымжан Қошқарбаевтың ұрпақтары, сондай-ақ, даңқты батыр жайлы кітаптың авторы Қасым Аппасұлы және өзге де зиялы қауым өкілдері, тарихшылар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Ескерткіштің ашылуына келген қала тұрғындары мен қонақтар гүл шоқтарын қойды.

Монументті орнатуға "BI-Group" компаниясы демеушілік жасаған.

Baq.kz 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу