Астанада Ресей азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды

582

Олар әкімшілік ғимараттарын рұқсатсыз дронға түсірген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Астанада Ресей азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды Фото: inform.kz

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, полицияға қаланың әкімшілік ғимараттарын рұқсатсыз дронға түсіріп жүргені туралы ақпарат түскен. Тексеріс барысында олар Ресей азаматтары болып шықты. 21 және 28 жастағы жігіттер жағалау маңында және ҚР Қорғаныс министрлігінде дрондарды ұшырғаны анықталды. Шетелдіктердің квадракоптерді қолдануға рұқсат құжаттары болмаған.

Жиналған материалдарға қатысты заңды шешім қабылдау үшін Азаматтық авиация комитетіне жіберілді. Тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Заңды бұзғандармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

"Сондай-ақ 12 қазанда Ресей Федерациясынан келген 43 жастағы ер адам Достық көшесінің бойында бейнетүсірілім жасау үшін дрон ұшырғаны анықталды", – дейді полиция департаментінің өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу