Астанада Республика даңғылы жөндеу жұмысына байланысты жабылды

382

Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады. 

Астанада Республика даңғылы жөндеу жұмысына байланысты жабылды Фото: inbusiness.kz

Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Республика даңғылындағы жол төсемін орташа жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр,

Жөндеу жұмысына байланысты осы жылдың 30 шілдесінен 20 тамызына дейін Республика даңғылының Ж.Тәшенов көшесінен А.Иманов көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу