Астананың Байқоңыр ауданында Республика күні қарсаңында тұрғындарға арналған жаңа гүлзар ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол Кенесары көшесінің бойында, А. Янушкевич пен А. Пушкин көшелерінің арасында орналасқан.
Аумағы 6 600 шаршы метр болатын гүлзарда абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, 3 500 шаршы метрге жуық жерге брусчатка төселді. Сонымен қатар балаларға арналған, жұмсақ жабындысы бар 250 шаршы метрден асатын ойын алаңы орнатылды.
Жаңа қоғамдық кеңістік тұрғындардың серуендеуіне, отбасымен демалуына және балалардың ойнауына арналған.
Айта кетейік, биыл Байқоңыр ауданында 107 аула абаттандырылып, төрт қоғамдық кеңістік пайдалануға берілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу