"Астана Операның" танымал солистері мен әйгілі "Қазақстан камератасы" классикалық музыка ансамблінің әртістері көрермендерді қуантпақ. Танымал ұжым осымен ширек ғасыр бойы елімізде ғана емес, одан тыс жерлерде де өз өнерлерін табынушыларына тарту етіп келеді.
Мерекелік кеште танымал баритон Азамат Жылтыркөзов, тенор Артур Габдиев, сопрано Назым Сағынтай тыңдармандарға патриоттық тақырыптағы шығармаларды әзірледі.
"Алдымен барша отандастарымды келе жатқан Республика күнімен құттықтағым келеді. Естеріңізде болса, бұл күн 2001 жылдан 2009 жылға дейін мемлекеттік мереке ретінде атап өтіліп келді. Заңға өзгертулер енгізілгеннен кейін біз Республика күнін тойлауды қойдық. Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтару туралы бастама көтеріп, ол енді Қазақстанның әр бұрышында кеңінен атап өтілмек, біз бұған өте қуаныштымыз, – деді "Астана Опера" опера труппасының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов.