Іс-шарада Қарағанды мен Қостанай облыстарының өндірушілері өз өнімдерін саудаға шығарады. Екі өңірден жәрмеңкеге жалпы көлемі мың тоннаға жуық ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімі жеткізіледі.
Қарағанды облысы елордаға 583 тоннадан астам өнім әкелуді жоспарлап отыр. Оның ішінде:
· картоп – 310 тонна;
· ет өнімдері – 134,7 тонна;
· көкөністер – 80 тонна;
· бакалея өнімдері – 36 тонна;
· сүт өнімдері – 15 тонна;
· балық – 7,5 тонна;
· тауық жұмыртқасы – 310 мың дана.
Ал Қостанай облысы 100-ден астам атауды қамтитын 400 тоннадан астам өнім ұсынады. Тізімде:
· ет өнімдері – 49 тонна;
· сүт өнімдері – 31 тонна;
· жарма және макарон өнімдері – 30 тонна;
· шұжық пен еттен дайындалған жартылай фабрикаттар – 23 тонна;
· картоп пен көкөністер – 90 тонна;
· ұн – 40 тонна.
Сондай-ақ сауда сөрелерінен нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді, сусындарды, бал мен басқа да тауарларды табуға болады.
Жәрмеңкеге екі облыстан 140-тан астам ауыл шаруашылығы өндірушісі мен кәсіпорын қатысады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – астана тұрғындарына сапалы азық-түлік өнімдерін қолжетімді бағамен ұсыну, отандық өндірушілерді қолдау және тауарларды делдалсыз, тікелей тұтынушыға жеткізуге мүмкіндік жасау.
Жәрмеңке 24-25 қазан күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Қарқаралы тасжолы, 1 мекенжайында өтеді.