Астанада Республика күніне орай мерекелік отшашу болды

647

Республика күніне орай Астана қаласында демеушілер есебінен ұйымдастырылған мерекелік отшашу өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Астанада Республика күніне орай мерекелік отшашу болды Фото: elorda.info

Отшашу сағат 21:00-де қаланың екі жерінде ұйымдастырылды. Бірі - Атырау көпірі маңында (қала жағалауы) және екіншісі Ботаникалық бақ аумағында. Оның ұзақтығы 10 минутқа жалғасты. Отшашу кезінде фейерверк әуеге 3,5 мың рет атылды.

Айта кетейік, мерекеге орай қала тұрғындары мен қонақтары үшін 200-ден аса түрлі форматтағы іс-шаралар өтті. Сонымен қатар Республика күні мерекесі қарсаңында елорда мен әр облыс, аудандарда түрлі саланың еңбек сіңірген қызметкерлері, ардагерлері, сын сағатта батырлық танытқан азаматтар марапатталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу