Астанада республикалық онкология орталығы ашылады

990

"Қазақстан халқына" қоры ашылғалы Астанада 7,9 миллиард теңгеге 12 жоба жүзеге асырылған.

Астанада республикалық онкология орталығы ашылады Фото: qazaqstanhalqyna.kz

"Қазақстан халқына" қоры және қала әкімдігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде ауыр сырқатқа шалдыққан тұрғындар қымбат дәрілік препараттармен қамтылып, шұғыл ота жасатуға мүмкіндік алды. Дегенмен, шешілмеген мәселе мен атқарылмаған жұмыс әлі көп.

Сондықтан бүгін Астана әкімдігінде қала басшысы Жеңіс Қасымбек, қор басшылығы, қоғам белсенділері және үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен қоғамдық кездесу өтті. Онда азаматтарға тағы қандай қайырымдылық жобалары қажет екендігі талқыға салынды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу