Астанада Роза Бағланованың өмірі туралы мюзикл сахналанды

317

Мюзикл халықаралық фестивальде екі марапатқа ие болды.  

Астанада Роза Бағланованың өмірі туралы мюзикл сахналанды Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Telegram

Астанада Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының сахнасында "Astana Musical" мемлекеттік театрының "Роза Бағланова" мюзиклі көрерменге ұсынылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қойылымда қазақтың көрнекті әншісі Роза Бағланованың өмір жолы мен өнердегі жетістіктері баяндалады. Оның шығармашылық ізденісі музыкалық нөмірлер, сахналық көріністер және сол дәуірдің әндері арқылы көрсетілген.

Мюзикл Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында өткен XVII халықаралық мюзикл фестивалінде екі марапатқа ие болды. Қойылым "Үздік шетелдік мюзикл" және "Үздік әйел бейнесі" аталымдарында үздік деп танылды.

Мюзиклдің режиссері – "Astana Musical" театрының көркемдік жетекшісі Есләм Нұртазин, ал композиторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Артур Оренбургский.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу