Астанада дәрігерлер жүрегі 10 минутқа тоқтап қалған 1,5 жастағы баланы аман алып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Ас үйде менің жанымда ойнап жүрген. Бір сәтке бұрылып кетіп едім, енді қарасам, қайнап тұрған шәйнек оның үстіне құлап кетіпті. Ыстық су оның кеуде қуысына төгілгендіктен, балам шок алды. Бір апта бойы жансақтау бөлімінде жаттық. Сегізінші күні ғана өз бетімен дем алып, тамақ іше бастады. Дәрігерлер менің ұлыма екінші өмір сыйлады", - деді баланың анасы Наталья Шлыкова.
Реаниматолог дәрігерлер баланың аман қалғанын таңғажайып оқиға деп отыр. Олардың айтуынша, тоқтап қалған жүрек соғысын 4-5 минут ішінде ғана қалпына келтіруге болады.
Оқиға салдарынан бала денесінің 25%-ын күйік шалды. Қазір оның өміріне келер қауіп жоқ, оның беті бері қарады.
"Біз жүрек ішіне адреналин препаратын енгіздік. Алғашқы үш тәулікте жүрегі тұрақсыз күйде істеп тұрды. Мұндай жағдай сирек кездеседі. Бұл бірегей жағдай деуге келеді", - деді қалалық №2 көпбейінді балалар ауруханасының анестезиология бөлімінің меңгерушісі Нұрсұлтан Құрбанбеков.