Астанада садақ ату курсы ашылды

1988

 Курс аяқталған соң, қатысушылар арасында өтетін турнир жеңімпаздары (1ер/1әйел)  2019 жылы Түркияның Ыстамбұл қаласында өтетін халықаралық жарысқа жолдама алады. 

Астанада садақ ату курсы ашылды

Жуырда ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы мен "Юнус Емре" қорының бастауымен дәстүрлі садақ ату курсы ашылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің сайты.

Курсқа жасы 18-ден асқан қыз-жігіттердің барлығы қатыса алады.

"Ұлттық садақ атуды үйрену сіздің қаныңызда бар мергендік қабілетіңізді ашады. Сондай-ақ, алдағы жылдарда ұлттық садақ атудан ұйымдастырылатын республикалық, халықаралық жарыстарға қатысуға мүмкіндік береді", - дейді ұйымдастырушылар.

Естеріңізге салайық, курсқа жазылу 1-10 қараша аралығында жүргізіледі. Толығырақ ақпаратты мына телефон нөмірі арқылы алуға болады: 8 777 533 91 30.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу