Астанада сайлау таңы ерекше көрініспен басталды

239

Бүгін таңертең Астанадағы сайлау учаскелерінің біріне қыз бала үй киімімен келді.

Астанада сайлау таңы ерекше көрініспен басталды Фото: Бейнежазбадан

Оның жанында робот болды. Ерекше жұп қала тұрғындарының назарын бірден аударды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгін елордада сағат 07:00-де 517 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Таңнан бері учаскелерге дауыс беруге келген қала тұрғындарының белсенділігі байқалады.

Сайлау учаскелерінде азаматтардың барлық санатына, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға дауыс беруге қажетті жағдай жасалған. Ал денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне өздігінен келе алмайтын тұрғындар дауысын өз тұрған жерінде бере алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу