Астанада Сәкен Мамаш ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы 29 мамырға белгіленді

105

Бұл туралы Астана қаласы сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.  

Астанада Сәкен Мамаш ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы 29 мамырға белгіленді Фото: t.me/yyedilov, сот кабинетінен скриншот

ҚР Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісінің кеңесшісі болған Сәкен Мамаштың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы 29 мамырда өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қылмыстық іс Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралмақ. Алдын ала сот тыңдауы кезінде ұйымдастыру мәселелері талқыланады.

Сот кабинетінде алдағы отырыс туралы ақпарат берілген. 

Естеріңізге сала кетсек, БАӘ-дегі қазақстандық дипломат Сәкен Мамаш 2024 жылдың мамырында елге шұғыл қайтарылған болатын. Бұған дипломаттың әйелі 10 жыл бойы күйеуінен қорлық көргенін айтып, мемлекеттен көмек сұрағаны себеп болды.

Содан кейін іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеуді Астана қаласы Есіл ауданы полиция басқармасы жүргізді. Іс Қылмыстық кодекстің 110-бабы (қинау) бойынша жүргізілген. Бастапқыда 2025 жылдың 18 сәуірінде қылмыстық іс айыптау актісімен бірге Астана прокуратурасына жолданған. Күдіктінің қорғаушысының өтініші негізінде іс құжаттары 27 наурызда қосымша тергеу жүргізу үшін полицияға қайтарылды.

2025 жылдың 4 сәуірінде Сәкен Мамаш қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу