Астанада салық режимі бойынша мөлшерлемелер төмендетілді

69

Мұндай шешім Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясында қабылданды.  

Астанада салық режимі бойынша мөлшерлемелер төмендетілді Фото: yk-news.kz

Мәслихат депутаттары отырыста жеңілдетілген декларация негізіндегі арнаулы салық режимі бойынша салық мөлшерлемелері 3%-ға төмендетілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлер үшін мөлшерлеменің төмендеуі олардың салық жүктемесін жеңілдетіп, жұмыс көлемін ұлғайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және инвестициялық белсенділікті арттыруға серпін береді.

Салық мөлшерлемелерінің 3%-ға төмендеуі AMANAT партиясы Астана қалалық мәслихат депутаттарының бастамасымен ұсынылып, қаладағы кәсіпкерлік орта өкілдерінің сұранысына тікелей жауап ретінде қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу