Астанадағы сол жағалаудың ортасында "ORDA INVEST" компаниясы салып жатқан тұрғын үй кешені өртеніп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"11 мамыр күні сағат 15.01 шамасында Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру бөлімшелеріне Ақмешіт-Сығанақ көшелерінің қиылысында жаңа ғимараттан қара түтін көрініп тұрғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында битум және сыртқы қаптаманың жанып жатқанын анықтады", - делінген хабарламада.
Өрт сағат 15.17-де оқшауланды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу