ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесінің аясында 6-8 шілде аралығында Астанада "Дәулет" спорт кешенінде ҚР президенті Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін ерлер мен әйелдер арасында самбо және әскери самбодан әлем кубогінің кезеңі өтеді, деп хабарлайды astana.gov.kz.
Жарысқа әлемнің 16 елінен 200-ден астам самбо спортшысы қатысады. Ерлер мен әйелдер арасында әскери самбо бойынша кубок 9 салмақ дәрежесінде өтеді. Еліміздің атынан әр спорт санатына 4 спортшыдан қатысады, олар Қазақстан чемпионатында жүлделі орындарды иеленген.
Әлем кубогінің кезеңі – жарыстардың маңыздылығы бойынша екінші орында. Қазақстан самбо федерациясының бөлімшелері елдің барлық облыстарында, Алматы мен Астана қалаларында бар. Бүгінде спорт мектебіне шамамен 7000 бала барады. Қазақстанда самбодан әлем чемпионаты алғашқы рет 80 жылдарда пайда болған. Біздің еліміз бұл спорт түрінен әлемде көшбасшы орындардың бірін иеленеді.
"Бұл жарыс үлкен әрі халықаралық турнирдің көрсеткіші болып табылады, біздің спортшыларымыз шыңдалатын алаң. Сондықтан Қазақстанда облыс чемпионаты өткізіліп, іріктеу жиі жүргізіледі. Самбо спортын дамыту үрдісі сақталады, себебі бұл спорт түрі Қазақстан үшін маңызды", - деді Қазақстанның спорттық және әскери самбо федерациясының вице-президенті Рафик Валиев.
Шараны ҚР мәдениет әжен спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Қазақстанның спорттық және әскери самбо федерациясы, ҚР Спорттық резерв және ұлттық командалық штаты дирекциясы, Халықаралық самбо федерациясы ұйымдастырды.