Астанада Сарайшық ауданындағы көпқабатты үйде кабель шахтасы өртенді

106

Астанада тұрғын үй кешеніндегі өрт сөндірілді.

Астанада Сарайшық ауданындағы көпқабатты үйде кабель шахтасы өртенді Фото: Бейнежазбадан

Бүгін Сарайшық ауданындағы А-52 көшесінде орналасқан 12 қабатты тұрғын үй кешенінде өрт шықты.

"Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер бірінші қабаттан тоғызыншы қабатқа дейінгі кабель шахтасында электр кабелінің жанып жатқанын анықтады. Дереу өртті сөндіру және адамдарды құтқару жұмыстары ұйымдастырылды. Авариялық-құтқару жұмыстары барысында баспалдақ арқылы үш адам, оның ішінде бір бала құтқарылды", – делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекеті нәтижесінде өрт 27 погон метр аумақта толық сөндірілді. Оттың одан әрі таралуына жол берілмеді.

Зардап шеккендер жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу