Жол жөндеу жұмыстарына байланысты 3 маусымнан 3 шілде аралығында Сарайшық көшесіндеі көлік және жаяу жүргіншілер үшін Тұран даңғылы қиылысына дейін (Комсомольский бағытына дейін) және Тұран даңғылынан Ұлбике ақын көшесі жағына дейінгі жол участкесін жабу жоспарланып отыр, деп хабарлайды elorda.info.
Тұран даңғылындағы көлік өткізу қабілетін күшейту үшін "Бас Лайн" белгіленген арнайы жолағы уақытша алынып, жолдың екі бағытындағы барлық жолақтар бойынша қозғалыс ұйымдастырылады. Сондай-ақ Тұран даңғылынан Мәриям Жагорқызы көшесіне сол жақтан бұрылу алынып тасталады және аталған көшеден Тұран даңғылына шығу жергілікті жол арқылы болады ("Сарыарқа" ОСО қарама-қарсы).
Осыған орай, Астана қаласының ІІД әкімшілік полиция басқармасы елорда тұрғындары мен қонақтарын өз бағдарларын алдын-ала жоспарлауды және Тұран даңғылының жабылған аумағын айналып өтуді сұрайды.