Астанада Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары ұсталды

1298

Астанада Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары ұсталды

Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Р.Акчурин ұсталды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Р.Акчурин Астана қаласы әкімдігіне қарасты "Астана Тазалық" ЖШС-ның бас директоры А.Басқанбаевпен қылмыстық ымыраға келе отырып, "СБС-Снаб-Сервис" және "Install Service Com" жауапкершілігі шектеулі серіктестерін құрған және 2016 жылы 1,8 млрд теңге сомаға  көшені тазалау және санитарлық тазартуға арналған мемлекеттік сатып алулар конкурсын жеңіп алуларын заңсыз қамтамасыз етіп, заңсыз табыс алғандығы анықталды", - делінген Қазақстанның Ұлттық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросы таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар ол өзіне бағынышты компаниялардың мүддесіне сай шешім шығарып алу үшін әкімдіктің лауазымды тұлғаларына бірнеше мәрте пара берген.

Қазіргі уақытта Р.Акчурин  ҚР ҚІК 128-бабына сәйкес Астана қалалық ІІД-нің уақытша оқшаулағышына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу