Астанада сатира және әзіл театры ашылады

1190

Астанада сатира және әзіл театры ашылады

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев елордада мәдениет саласын дамыту тұрғысында қандай жұмыстар атқарылып жатқаны туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Биыл біз мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырып отырған "Көшпенділер әлемі" этнофестивалінің негізгі серіктесіміз. Ол қазақ халқы мен барлық түркі әлемінің тарихи және мәдени құндылықтарын насихаттауға арналған. Білім культін насихаттау және жастар арасында сананың ашықтығын қалыптастыру мақсатында әлеуметті аз қамтылған отбасылардан шыққан 4 мың балаға тегін абонементтер берілді", - деді ол "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында

Әкімнің айтуынша, елорда үшін тағы бір маңызды жаңалық - ЭКСПО көрмесіндегі "Энергия холл" ғимаратында жаңа сатира және әзіл театрының ашылуы. Театрдың көркемдік жетекшісі Тұрсынбек Қабатов болмақ.

"Елбасының тапсырмасымен "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Астанада Қазақ драма театрының жаңа ғимараты бой көтереді. Қазіргі уақытта мәдениет және спорт министрлігімен бірге осы бағытта жұмыстар жүргізілуде. Бұдан бөлек, қасиетті орындарды сақтау мақсатына тарихи және мәдени нысандарға реставрация жұмыстары жүргізілді. Олар "Мәңгілік ел" триумфалды аркасы, "Бәйтерек" монументі, Орыс академиялық драма театрының ғимараты, "Атамекен" Қазақстан картасы этномемаориалды кешені", - деді қала басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу