Астанада 17 шілдеде сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге өтінім қабылдау басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі елордалық әкімдікке сілтеме жасап. ⠀
Құжаттар электронды түрде qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы 17 шілде 09.00-ден 26 шілде 23:59-ға дейін қабылданады.
Іріктеу кезекке қойылған күн бойынша жүргізіледі, сондай-ақ отбасының құрамы ескеріледі.
Қанша пәтер беріледі:⠀
- "Көпбалалы отбасылар" санаты үшін – 86 пәтер;
- "Халықтың әлеуметтік осал топтары" санаты үшін – 24 пәтер.
Нәтижелер zhilfond.kz сайтында, "Астана қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы" ММ және Тұрғын үй орталығының әлеуметтік желілерінде жарияланады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу