Астанада сауда орталығынан қолсағат пен аксессуарлар ұрланған

423

Елордада Қосшығұлұлы көшесіндегі сауда орталығының әкімшілігі полицияға жеке мүлікті ұрлау фактісі туралы хабарлады.

Астанада сауда орталығынан қолсағат пен аксессуарлар ұрланған Фото: polisia.kz

Ұрлық сәті ғимаратта орналасқан қауіпсіздік камераларына түсіп қалған. Мас күйдегі жас жігіттің аксессуарлары бар ашық повильонның үстелінен аттап өтіп, ішіне кіргені бейнежазбаға түсіп қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түнгі сағат 02.50 шамасында 19 жастағы жігіт сауда орталығына еркін кіргені анықталды. Сауда орталығында қауіпсіздік жүйесі жоқ екенін білген ол пайда іздеп, 200 мың теңгеге жуық тауарды алып шығып, жасырынып қалған. 

Сарыарқа ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қаскүнемді анықтады. Заттай дәлелдемелер тәркіленіп, кәсіпкерге қайтарылды. 

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта күдіктінің қала аумағында осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу